Біз салық практикасы аясындағы келесі қызметтерді ұсынамыз:

  • Салық міндеттемелеріне шолу жасау (салықтық аудит)
  • Салықтық Due Dilligence
  • Халықаралық салық жүйесі
  • Салықтық заңдар бойынша кеңес беру
  • Салықтық жоспарлау
  • Жойылу (тарату) кезіндегі салықтық аудит

Сіз дұрыс шешім қабылдау үшін біз, салық заңнамасындағы барлық жаңартулар мен жиі өзгертулерді мұқият қадағалаймыз және олар туралы сізге нақты, толық түсінік беруді қамтамасыз етеміз.

PKF Kazakhstan-ның табысты жұмысының негізі

Тәуелсіздік

PKF International халықаралық желісінің бөлігі ретінде, біз ішкі-жүйе саясатының 50 жыл ішінде модернизацияланған және жетілдірілген тәуелсіздік қағидатын қатаң ұстанамыз. PKF International халықаралық желісі, тәуелсіздік саясатының арқасында әлемдегі ең сәтті желілердің біріне айналды және PKF растаған есептіліктер жоғары деңгейде мақұлданады.

Біліктілік

Біз қызметкерлерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көптеген инвестициялар жасаймыз. Жоғары білікті кадрлардың болуы біздің клиенттеріміздің әртүрлі салаларындағы ең күрделі, кәсіби мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Команда тұрақтылығы

PKF Kazakhstan-да кадрлардың өзгеруінің төмен деңгейіне байланысты команда құрамы тұрақты болып қалады. Осындай үздіксіздік, біздің клиенттерге тиімді қызмет көрсету процесіне кепілдік береді.

Жауапкершілік

Біз өз клиенттеріміздің үміттерін түсінеміз және үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Қызмет және қызмет нәтижесін көрсету процесін жауапты серіктес қадағалайды.