PKF Kazakhstan
Бүткіл әлемдегі PKF, клиенттердің жергілікті нарықтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп және бизнес саласында кеңес беру қызметтерінің кең спектрін ұсынады.
PKF клиенті бола отыра, сіз жұмысты халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жүргізетініне сенімді бола аласыз. PKF-ке қатысушы мүше фирмалар, ішкі нарықтағы әр түрлі салаларда кәсіби қызмет көрсететін өз мамандарын ғана емес, сонымен қатар жобаға осы жүйедегі басқа мүше фирмалардың халықаралық сарапшыларын тарта алады.
Global expertise with local knowledge
Әр жоба тобы серіктестің жетекшілігімен жұмыс істейді, ол сіздің тікелей байланысатын тұлғаңыз болып сізбен үнемі хабарласып отырады.
PKF-ке мүше фирманың клиенті ретінде сіз төменде айтылғандарға сенімді бола аласыз:
- сіз үшін жұмыс істейтін компания - бұл өз елінде мінсіз беделі бар сенімді кәсіпорын
- жұмыс фирма серіктесінің басшылығымен жүзеге асырылады
- сарапшылар сіздің нарықты біледі
- серіктестер сіздің бизнесіңіздің ерекшеліктерін және сіздің компанияның қажеттіліктерін мұқият зерттейді
- қажет болған жағдайда, басқа мүше фирмалар тарапынан техникалық басқару мен қолдау дереу көрсетіледі
- сіздің халықаралық бизнесіңіздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, көрсетілетін қызметтердің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.