Біз төменде көрсетілген қызметтерді ұсынамыз:

  • Қаржылық есептіліктің аудиті
  • Арнайы мақсаттағы аудит
  • Қаржылық есептілікке шолу жасау
  • Келісілген процедуралар
  • Қаржылық жағдайды бағалау

Шешім қабылдаушы тұлға ретінде, сіз сенімді ақпарат негізінде әрекет ететіндігіңізге сенімді болуыңыз керек. Сіз өзіңіздің бизнес тәуекеліңіз жайлы біліп, осы тәуекелдердің тиімді басқарылатынына көз жеткізуіңіз керек. Сіз өзіңіздің жүйеңізбен бен басқару құралдарыңыздың тиімді жұмыс істейтіндігіне және негізгі заң талаптарын дұрыс орындағаныңызға сенімді болуыңыз қажет. Сонымен қатар сіз, осы сенімділікті өзіңіздің акционерлеріңізге, инвесторларыңызға және клиенттеріңізге жеткізуіңіз керек . PKF Kazakhstan Сізге тәуекелдерді анықтауға және соған байланысты сіздің қажеттіліктеріңізді ескере отыра, сіздің жүйе мен басқару құралдарыңыздың тиімділігін арттыруға көмектеседі. 

PKF Kazakhstan-ның табысты жұмысының негізі

Тәуелсіздік

PKF International халықаралық желісінің бөлігі ретінде, біз ішкі-жүйе саясатының 50 жыл ішінде модернизацияланған және жетілдірілген тәуелсіздік қағидатын қатаң ұстанамыз. PKF International халықаралық желісі, тәуелсіздік саясатының арқасында әлемдегі ең сәтті желілердің біріне айналды және PKF растаған есептіліктер жоғары деңгейде мақұлданады.

Біліктілік

Біз қызметкерлерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көптеген инвестициялар жасаймыз. Жоғары білікті кадрлардың болуы біздің клиенттеріміздің әртүрлі салаларындағы ең күрделі, кәсіби мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Команда тұрақтылығы

PKF Kazakhstan-да кадрлардың өзгеруінің төмен деңгейіне байланысты команда құрамы тұрақты болып қалады. Осындай үздіксіздік, біздің клиенттерге тиімді қызмет көрсету процесіне кепілдік береді.

Жауапкершілік

Біз өз клиенттеріміздің үміттерін түсінеміз және үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Қызмет және қызмет нәтижесін көрсету процесін жауапты серіктес қадағалайды.