Есепті қалпына келтіру мыналарды қамтиды:

  • компанияның активтері мен міндеттемелерін түгендеу;
  • бастапқы есепке алу құжаттарын қалпына келтіру және жүйелеу;
  • нақты болған операцияларды бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсету;
  • салық есептілігін түзету.

Қалпына келтіру мерзімі

Бухгалтерлік есепті қалпына келтіру мерзімі 2 айдан 12 айға дейін созылады. Есептілікті қалпына келтіру мерзіміне келесі факторлар әсер етеді:

  • есептілікті қалпына келтіру қажет кезең;
  • қалпына келтіру процедураларының мерзімдері;
  • бухгалтерлік есепті қалпына келтіру кезеңіндегі операциялардың болжамды саны;
  • компания қызметкерлерінің саны;
  • бухгалтерлік есеп мақсатындағы күрделі операциялардың болуы;
  • бөлек есепке алу жүйелерінің болуы.

PKF Kazakhstan-мен бірлесе отырып бухгалтерлік есепті қалпына келтіру.

Есепті қалпына келтіру кезінде біз: бухгалтерлік есеп, кадрлық есеп, салықтық есеп және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша мамандардан тұратын, топ құрамыз. Жүргізілген қалпына келтіру қызметтеріміздің нәтижелері бойынша сіз мыналарды аласыз:

  • бухгалтерлік есептің шынайы (нақты) деректері;
  • жүйеленген есепке тіркеу құжаттары;
  • салық заңнамасына сай есептілік.