PKF Kazakhstan PKF International-ға 2019 жылы қосылды. Біз сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктеріне бағытталған: аудит, салық, аутсорсинг, консалтинг саласындағы кәсіби қызметтерді ұсынамыз. Біздің мамандарымыздың көпшілігінің, халықаралық аудиторлық компаниялардағы табысты тәжірибелері бар.

Біздің команда:

Басқарушы серіктес, аудит

Басқарушы серіктес, аутсорсинг

Серіктес, құқық

Серіктес, аудит

Серіктес, салық

PKF Kazakhstan-ның табысты жұмысының негізі

Тәуелсіздік

PKF International халықаралық желісінің бөлігі ретінде, біз ішкі-жүйе саясатының 50 жыл ішінде модернизацияланған және жетілдірілген тәуелсіздік қағидатын қатаң ұстанамыз. PKF International халықаралық желісі, тәуелсіздік саясатының арқасында әлемдегі ең сәтті желілердің біріне айналды және PKF растаған есептіліктер жоғары деңгейде мақұлданады.

Біліктілік

Біз қызметкерлерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көптеген инвестициялар жасаймыз. Жоғары білікті кадрлардың болуы біздің клиенттеріміздің әртүрлі салаларындағы ең күрделі, кәсіби мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Команда тұрақтылығы

PKF Kazakhstan-да кадрлардың өзгеруінің төмен деңгейіне байланысты команда құрамы тұрақты болып қалады. Осындай үздіксіздік, біздің клиенттерге тиімді қызмет көрсету процесіне кепілдік береді.

Жауапкершілік

Біз өз клиенттеріміздің үміттерін түсінеміз және үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Қызмет және қызмет нәтижесін көрсету процесін жауапты серіктес қадағалайды.