Тәжірибе көрсеткендей, ішкі бақылау жүйесінің жақсы жұмыс істеуінің өзі, компания активтерінің нақты саны мен есеп деректерінің арасындағы мүмкін болатын ауытқудан қорғамайды. Қазіргі уақытта да инвентаризация, компаниялардың қорлары мен негізгі құралдарының сақталуын бақылаудың ең тиімді әдісі болып қала береді.

Тәуелсіз инвентаризацияның артықшылықтары:

  • 1) Инвентаризация тәуелсіз адамдар тарапынан жүргізіледі, яғни активтердің болуы жайлы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
  • 2) Компания жұмысшылары өздерінің профильді емес жұмыстарымен мазаланбайды, бұл өз еңбек ресурстарын босатуға мүмкіндік береді.
  • 3) Инвентаризация компания үшін ыңғайлы уақытта жүргізіледі, соның ішінде түнде, демалыс және мереке күндері.

PKF Kazakhstan Сізге келесі қызмет түрлерін ұсынады:

  • қор инвентаризациясы;
  • негізгі құралдарды инвентаризациялау;
  • кепілге қойылған мүлікті инвентаризациялау;
  • қойма инвентаризациясы;